Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді Баспаға шығару нұсқасы

Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді Баспаға шығару нұсқасы
2024 жылғы 18 қазан
Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.

Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.

Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.

Қызметті алу үшін:

• eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;

* «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау;

* қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.

Қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

ПОРТАЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Жаңалықтар мұрағаты
2024 жылғы 10 қазан
Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-те қолжетімді болады
2024 жылғы 10 қазан
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 8 қазан
eGov.kz порталында автокөлік тарихын тексеру сервисі қолжетімді болды
2024 жылғы 25 қыркүйек
eGov.kz порталы

Дата публикации
04 ноября 2024
Дата обновления
04 ноября 2024
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
25 июля 2025
Отчет о деятельности аппарата акимата Кенесского сельского округа по вопросам оказания государственных услуг за 2024 года
Информация
04 ноября 2024
Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді Баспаға шығару нұсқасы
Спартакиада
11 марта 2024
Қазақ күресінен Қ. Еркебеков, Е. Сыдықов, Ы. Байқұлақов палуандарымызды еске алуға арналған 2011-2013 ж.т жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының ашық біріншілігі ұйымдастырылды.

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы