Андас батыр ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 Мемлкеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы есеп
Андас батыр ауылдық округі жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) тарапынан Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызметтің түрі (электронды түрде – 3 (600,%), қағаз түрінде – 2 (40,0%).
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты болып ауылдық округі әкімі, ауылдық округі әкімінің аппаратының 4 жауапты маман бекітілген.
2024 жылдың қорытындысымен ЖАО тарапынан 32 мемлекеттік қызметтер көрсетілген: электронды түрде – 23 (71,88%), қағаз түрінде – 9 (28,13%). (2023 жылдың есепті кезеңінде – 4 қызмет көрсетілген (электронды түрде – 4 (100,0%).
|
Андас батыр ауылдық округі аппаратымен 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат |
||||
|
№ |
Мемлекеттік қызмет атауы |
Түскен өтініш саны
|
Оның ішінде: |
|
|
Оң шешім |
Бас тарту |
|||
|
1 |
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» |
2 |
2 |
0 |
|
2 |
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейт2ін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» |
21 |
18 |
3 |
|
3 |
«Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» |
9 |
9 |
0 |
Департамент тарапынан «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет берушілердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану мәселесіне жүргізілген қашықтықтан мониторинг жұмыстарының нәтижесінде ауылдық округі әкімінің (еңбек демалысында, іссапарда болуы кезеңінде), жауапты қызметкерлердің (жұмыста болмау кезінде) мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында үшінші тұлғамен басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланылғаны расталмаған.
Ауылдық округтің мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге 3 қызметкер жауапты (ауыстырушыларды қоса алғанда). Олардың екеуі 2022–2023 жылдары мемлекеттік қызметтер саласы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2024 жж. аралығында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарына мемлекеттік қызметкер жіберілмеген.
Андас батыр ауылдық округі әкімі аппаратында тұрғындардың арасында мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді:
Андас батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Instagram парақшасында 15 жазба жарияланды.
Газетке 4 мақалалар жарияланды.
Ауыл тұрғындарымен жиналыс түрінде түсіндіру шаралары өткізілді.