Меркі ауданы Ақарал ауылдық округі әкімінің аппараты 2024 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Меркі ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
Оның ішінде:
- 5 қызмет электронды және қағаз түрінде.
Атап айтқанда
-Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
-Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
-Сауда-саттықты (акциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
-Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
-Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
2024 жылы Ақарал ауылдық округінде жалпы 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Электрондық түрде - 10 қызмет;
- Қағаз түрінде - 6 қызмет;
-Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру қызметі бойынша құжаттары толық болмай 9-ы кері қайтарылды.
|
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат |
|||||
|
№ |
Мемлекеттік қызмет атауы |
Түскен өтініш саны
|
Оның ішінде: |
|
|
|
Оң шешім |
Бас тарту |
|
|||
|
1 |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; |
|
|
|
|
|
2 |
-Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; |
15 |
|
9 |
|
|
3 |
-Сауда-саттықты (акциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; |
1 |
1 |
|
|
|
4 |
-Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату; |
|
6 |
|
|
|
5 |
-Жер учаскесін алу үшін кезекке қою. |
|
|
|
|
2024 жылы мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2024 жылы 6342 халықты қамтылған 12 іс-шара ұйымдастырылды (1 мақала, 16 материал әлеуметтік желіге, 12 халықпен кездесу).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.