Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бағыты бойынша
2023 жылдың 9 айында облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 712 нысан (2022 ж. 419) бар. Оның 337-і (2022 ж. 199) мемлекеттік бюджет есебінен (177 – өтпелі, 160 – жаңа), ал қалған 375-і жеке қаражат есебінен (2022 ж. 220).
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы 535 хабарлама келіп түсіп (160 мемлекеттік, 375 жекеменшік). (2022 ж. 390 хабарлама. Оның 183 мемлекеттік, 207 жекеменшік), толықтай қабылданды.
2023 жылдың 9 айында 114 (2022 ж. 58) құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 58 (2022 ж. 13) нұсқама берілді, 176 (2022 ж. 139) әкімшілік іс қозғалып, 116 тапсырыс беруші (2022 ж. 80), 36 мердігер мекеме (2022 ж. 26), 2 жобалаушы (2022 ж. 12), 17 техникалық қадағалаушы (2022 ж. 13), 5 авторлық қадағалаушы (2022 ж. 7, сарапшы 1) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы айыппұл соммасы 49 793 880 теңгені құрады. (2022 ж. 30 486 164 тг.).
Лицензиялау және аттестаттау бағыты бойынша
Жамбыл облысы аумағында барлығы 956 лицензиаттың саны тіркелген.
Оның ішінде:
2023 жылдың 9 айында 13 лицензия берілді (2022ж.-42). Атап айтқанда:
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 7 лицензия берілді (2022ж.-27). Оның ішінде, І санат – 4 (2022ж.-2), ІІ-санат –1 (2022ж.-10), ІІІ санат – 2 (2022ж.-15).
Жобалау қызметі бойынша 5 лицензия берілді (2022ж.-6), Оның ішінде, І санат –1 (2022ж.-1), ІІ-санат-3 (2022ж.-2), ІІІ санат-1 (2022ж.-3).
Іздестіру жұмыстары бойынша 1 лицензия берілді (2022ж.-9).
Жамбыл облысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған 1047 сарапшылар тіркелген.
Оның ішінде:
- техникалық қадағалаушы-805;
- техникалық зерттеп қарау сарапшысы- 46;
- жобалау жұмыстарының сарапшысы-166;
- авторлық қадағалаушы-30.
2023 жылдың 9 айында инжинирингтік қызметтермен айналысатын сарапшыларға 74 (2022ж.-93) аттестат берілді. Оның ішінде, техникалық қадағалаушы-64 (2022ж.-75), техникалық зерттеп қарау сарапшысы-2 (2022ж.-6), жобалау жұмыстарының сарапшысы-2 (2022ж.-11) және авторлық қадағалаушы-6 (2022ж.-1).
Жамбыл облысындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша 5 ұйым тіркелген (2021 ж.=4, 2022 ж.= 1, 2023 ж.= 0).
Әкімшілік құқықтық жұмыстар бағыты бойынша
2023 жылдың 9 айында 279 өтініш түскен (2022 ж-163). 153 өтініш қаралды (2022 ж -106), 108 өтініш құзіреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды (2022 ж -57), 18 өтініш қаралу үстінде.
17 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне ауызша түсініктеме берілді (2022 ж -6).
2023 жылдың 9 айында 1992 хат келіп түсті (2022 ж-1618).
Мерзімінде орындалмаған хаттар жоқ.
Басқарма басшысымен 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін 17 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне ауызша түсініктеме берілді.
Профилактикалық жұмыстар
Облыс басшылығымен келісілген алгоритмге сәйкес Тараз қаласы және аудандарда, сол сияқты тапсырыс беруші басқармалармен құрылыстың барлық қатысушыларын қатыстыра отырып тоқсан сайын профилактикалық жиындар өткізіп отыру көзделген. Бүгінгі күнге 50 жиын өткізілді.
Тапсырыс берушілер мен Басқарма мамандары бірлесе отырып барлығы 141 нысанға (Мойынқұм (5), Т.Рысқұлов (11), Меркі (14), Жамбыл (11), Байзақ (5), Шу (10), Қордай (7), Жуалы (10), Сарысу (7), Талас (7) аудандары, Тараз қаласы (44) мен Құрылыс (9) және Денсаулық сақтау басқармасының (1)) профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) кемшіліктерді қалпына келтіру ескертілді.
Облыс көлеміндегі құрылыс жұмыстарының сапасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттардың қалың оқырманның назарына жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында, Басқарманың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, облыстық басылымдар мен телеарналарда жариялануда.
Нақты айтқанда, республикалық және облыстық телеарналарда 11 бейне сюжет, әлеуметік желілерде 94 ақпарат және мерзімді баспа басылымдарында 4 мақала, ақпараттық агенттікте 3 ақпарат жарияланды.