Меню

Страницы

Статья

Состоялось расширенное заседание Кордайской районной территориальной комиссии референдума по вопросам организации и проведения республиканского референдума

2024 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті:

Отырыста үш мәселе қаралды:

  1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы;
  2. 2. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы.
  3. 3. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы.

Отырысқа аудандық аумақтық референдум комиссиясының толық құрамы мен аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл, аудандық прокурорының орынбасары  Е.Байжиенов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы А.Қарымсаков, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, референдумды әзірлеу мен өткізуге қатысты, мекеме басшылары және ауылдық округі әкімдері қатысты.

Комиссия отырысын ашқан аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев, мемлекет басшысының шешіміне сәйкес атом электр станциясын салу мәселесі азаматтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін және республикалық референдумға бір ғана сауал «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» шығарылғандығы атап өтті.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезеңіндегі үгіттің негізгі аспектілерін түсіндірді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  аудандық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай баяндама жасап, 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. 

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық референдум комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова баяндама жасады. 

Ол науқанның жалпы ұзақтығы, тағайындалғаннан дауыс беру күніне дейін 35 күн болатынын хабарлады. Дауыс берушілердің тізімдерін жасау бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар тағайындалғаннан кейін бірден бастайды. Дауыс беруден 20 күн бұрын, яғни 15 қыркүйекте тізімдер референдум учаскелеріне беріледі.

Азаматтардың уақытша болатын орындарында құрылған референдум учаскелері бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері азаматтарға танысу үшін дауыс беру күніне 5 күн қалғанда ұсынылады. 

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу барысы Күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуге тиіс екендігіне назар аударылу қажет екендігі ескертілді.

Сондай-ақ, аудандық референдум комиссиясының төрағасы отырысқа қатысушыларды халықты ақпараттандыру, дауыс беру күніне учаскелердің дайындығы және азаматтардың дауыс беруі үшін, оның ішінде мүгедектігі бар және дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше назар аударып өтті. 

 

Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Дата публикации
06 сентября 2024
Дата обновления
06 сентября 2024
Тип
Пресс-релизы

Сейчас читают

Информация
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Информация
13 октября 2026
Указ Президента РК
Информация
21 августа 2026
ОТКРЫТИЕ ГОЛОСОВАНИЯ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы