Кекушинкай каратэден жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының ашық турнирі өтті

Кекушинкай каратэден жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының ашық турнирі өтті

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Қордай ауданында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты кекушинкай каратэден жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының ашық турнирі өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына "Amanat" партиясының  Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Тлебалдыұлы Жамангозов, Ауған соғысының ардагерлері, Аудан тұрғындары, және Қордай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы, жас ақын Әділет Дүйсенұлы Құттыбай қатысып, Ауған соғысының ардагерлеріне арналған жырын тарту етті.
Сонымен қатар турнирге Тараз қаласы, Алматы, Ұлытау облысы, Алматы облысы, Т.Рыскулов ауданы, Кордай ауданы, Шымкент қаласы, Қарағанды қаласы және Қырғызстан Республикасынан келген 6-15 жас арасындағы жас өспірімдер қатысты.
Турнир қорытындысы  бойынша Кордайлық жас спортшылар : 1 орынды  Ганиев Хаким, Лаахунов Рамазан, 2 орынды  Нұрлы Есінкелді, Жапарбек Радмир, Ганиев Салим, Даулетхан Сұлу, 3 орынды  Приходько Артём, Болысбек Таирхан,  Абдраимов Давлат, Жапарбек Амир, Лаахунов Равиль иеленді.
Жүлделі орынға ие болған командаларға  арнайы дипломдар , медальдар , кубоктар мен қатар алғыс хаттар табысталды.