Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз, мессенджерлерде жалған ақпарат тарады!

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Назар аударыңыз, мессенджерлерде жалған ақпарат тарады!

Мессенджерлерде таралған 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдер азаматтарға олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады деген ақпарат шындыққа сәйкеспейді! 

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айрылған азаматтарға ең төменгі еңбекақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүзеге асырылады.

Тұтастай алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысының қағидаттарын ажыратып алған жөн. Азаматтардың жеке жинақ қорлары және бюджеттен тыс сақтандыру қорлары – бұл әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жүйелер.  

БЖЗҚ зейнетақы активтері – бұл салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс), олар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған.

МӘСҚ активтері – ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде әлеуметтік аударымдардан жинақталатын және әлеуметтік төлемдерге арналған қаражат.

Әлеуметтік тәуекел жағдайларына жұмысынан, еңбекке жарамдылық қабылетінен, асыраушысынан айрылған, жүктілік және босануына, жаңа туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болуына орай табысынан айрылу жағдайлары жатады.

Жеке зейнетақы жинақтарыңызды БЖЗҚ сайтындағы (www.egov.kz) жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) тексеріп, олардың сақтығына көз жеткізуге болады.

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді алу тәртібі туралы ақпарат электрондық үкімет порталында (egov.kz) немесе 42500.enbek.kz сайтында қолжетімді.

Азаматтардан тек ресми көздерден алынған сенімді ақпаратты ғана пайдалануды сұраймыз!

 

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
20 апреля 2020
Дата обновления
20 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
21 августа 2023
15 августа т.г. под председательством заместителя руководителя Управления Е.Карентаева были проведены разъяснительные работы
21 августа 2023
Приказ о создании рабочей группы по внутреннему анализу коррупционных рисков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы