Жамбыл облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту
жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 2-8 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Облыстық мәслихаттың
хатшысы М. Сарыбеков
Жамбылского облыстық мәслихаттың
2021 жылғы «__» _____ № _____
шешіміне қосымша
Жамбыл облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Зират қорымдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген "Зираттар мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен айқындалады.
1) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыптарға және салт-дәстүрлерге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, лақатқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;
2) зират – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін (мүрдесін) жерлеу орыны;
3) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
4) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.
1) жерлеу үшін орын бөлу тәртібін;
2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі;
3) зираттарды жобалау және салу тәртібін;
4) жерлеу орындарын абаттандыруды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстау тәртібін;
5) зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібін;
6) зират қорымдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.
Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.
Аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу журналдарының негізінде есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.
жерлеу жылы, айы, күні;
қабірдің нөмірі;
қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;
туған және қайтыс болған күні;
қайтыс болуының себебі;
қайтыс болуы туралы куәліктің нөмірі, күні және оны кімнің бергені;
марқұмның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі,жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні және нөмірі, жақын туыстарының мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы қамтылады.
зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;
сүйектерді (мүрделерді) Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді (мүрделерді) жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.
қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;
қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;
аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;
әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.
Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:
табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;
қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуғажол беріледі.
Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.
Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.
Зират қорымдарын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.
1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;
2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақтылы дайындауды;
3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;
4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;
6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;
7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.