Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының
2015 жылғы 3 қарашадағы №55-ө бұйрығына
4-қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
- Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
- Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
- Бөлім бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
- Мiндетi:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және жоба дайындау;
2) Жамбыл облысының даму бағдарламасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі бөлігін дайындау және оның орындалуын бақылау, бес жылға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту.
Функциялары:
- Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың нәтижесін талдап қорытады, керек кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тұрақты функцияларын тоқтататын қателер болса Басқарма басшысының қарауымен өзгертулер енгізеді, Басқармадағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту сұрақтарын дайындауға қатысады;
- Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарының бұйрықтарын орындайды;
- Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тiзiмiн құрауға ықпал етеді.
- Облыс аудандарындағы пәтер иелерінің кооперативін кескіндеу, заң орнатушы құжаттарды анықтау, экономикалық көрсеткiштер, ұсыныс және кемшiлiктердің тізімін дайындайды;
- Облыс бойынша кондоминиум нысандарының жұмыс жасау сұрақтарын бақылап, қадағалау жасайды.
- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының тетіктері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қаржыландыру сұрақтарымен айналысып, мониторинг жасайды, соның iшiнде: Абаттандыру және тұрғын үйлердi жөндеу.
- облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;
- Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады.
- Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
- Құқығы және міндеті:
- Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
- Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
- басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
- мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінiң қызметiн ұйымдастыру
- Басқарманың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
- Бөлімнің басшысы құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
- Бөлім басшысы:
1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) бөлімнің қызметiн үйлестiредi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
- Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.