Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ алушыларға 62 миллиард теңгеден аса қаржы төледі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ алушыларға 62 миллиард теңгеден аса қаржы төледі

 

2020 жылдың алғашқы бес айында Қор 209 213 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 62,4 миллиард теңгеге 794 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

  • - зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 24,7 млрд теңге;
  • - ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 14,2 млрд теңге;
  • - сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 13,3 млрд теңге;
  • - мұрагерлік бойынша төлемдер – 8,6 млрд теңге;
  • - жерлеуге берілетін төлемдер – 894,1 млн теңге;
  • - мүгедектік бойынша төлемдер – 661,7 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 393 теңгені құрап,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июля 2020
Дата обновления
23 июля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
21 августа 2023
15 августа т.г. под председательством заместителя руководителя Управления Е.Карентаева были проведены разъяснительные работы
21 августа 2023
Приказ о создании рабочей группы по внутреннему анализу коррупционных рисков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы