Меню

Страницы

Статья

Финансово-хозяйственный отдел

Жамбыл облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық
басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№87-ө бұйрығына
2-қосымша


Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімі туралы


ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер
1. Қаржы-шаруашылық бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
2. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
4. Бөлім бөлім басшысы мен бір бас маманнан тұрады.
2. Қаржы-шаруашылық бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
5. Мiндетi: Басқарманың қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, қаржылық операцияларды жүргізу.
Функциялары:
1) басқарманың қаржылық, материалдық-техникалық және әлеуметтік тұрмыстық жайлармен қамтамасыздандыру;
2) басқарма басшысына қаржы-шаруашылық бөлімі қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) жұмысшылар мен қызметкерлер үшін тиісті тұрмыстық жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізеді;
4) Келісім-шарттар жасауға және олардың орындалуына, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
5) бөлімге түсетін хаттарды, арыздар мен шағымдарды қарайды.
6) басқарма басшысының тапсырмалары мен ұсыныстарын орындаудың жағдайын зерделеп, жинақтап, басшының назарына жеткізеді, қажет болған жағдайда оларды қарау тәртібін бұзуға жол берген кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
7) Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, басқарманың штаттық кестесін дайындау және шығындар сметасын жасау;
8) Бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын, бюджеттік өтінім дайындау және бекіту;
9) экономикалық талдама есеп берулерді жинақтау;
10) бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу, облыстық қазынашылық басқармасымен қаржылық операцияларды жүргізу, ағымдағы нысаналы трансферттердің уақытылы аударылуын қамтамасыз ету;
11) еңбек ақының және басқа да төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару;
12) статистикалық және салық есептерін жүргізу;
13) іс-сапар шығындарын есептеу және аудару, депозит шотындағы есептерді жүргізу;
14) келісімдер бойынша нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы
есептерді жүргізу;
15) мемлекеттік органға бөлінген бюджет қаражаттарының уақытылы, толық игерілуін қамтамасыз ету және бақылау жасау;
16) мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарының орындалуын қамтамасыз
ететін үш пайыздық қаржыны қайтару және уақытылы қайтару жұмыстарын жүргізу.
6. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
7. Құқығы және міндеті:
1) Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
2) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
3) қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге бекітілген, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өзге тұлғаларға берілген мүліктердің орнымен пайдаланылуын және сақталуын бақылауға;
4)басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
5) мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

3. Қаржы-шаруашылық бөлімiнiң қызметiн ұйымдастыру

8. Басқарманың қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.

9. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

10. Бөлімнің басшысы құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.

11. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.

12. Бөлім басшысы:
1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) бөлімнің қызметiн үйлестiредi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Дата публикации
03 июня 2020
Дата обновления
03 июня 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
21 августа 2023
15 августа т.г. под председательством заместителя руководителя Управления Е.Карентаева были проведены разъяснительные работы
21 августа 2023
Приказ о создании рабочей группы по внутреннему анализу коррупционных рисков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы