#закон

Діни бірлестіктер басшылары Клубының жиыны өтті
Діни бірлестіктер басшылары Клубының  жиыны өтті

2025 жылдың 16 маусымында облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті.

Аталған іс-шараға облыс аумағында жұмыс атқаратын ислам және христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Клуб отырысының негізігі тақырыбы «Дін мен заң сабақтастығы» белгіленіп, онда мемлекетіміздің дін саласындағы заңнамаларның талаптарын түсіндіру, лудомания, нашақорлық, интернет желісіндегі деструктивті діни ақпараттар тарату мен  жалған хабарлама таратудың қауіпі мәселелері, ысрапшылдық және басқа да тақырыптар талқыланды.

Сонымен бірге, діни бірлестіктер мен филиалдарының өкілдеріне түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту,бір-біріне деген толерантты қатынасты одан әрі жетілдіру жайлы сөздер айтылды.

Новости
Дата публикации: 17.06.2025
2025 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңға қол қойды.
2025 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңға қол қойды.

1) 2025 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңға қол қойды.

Аталған Заңның аясында діни қызмет саласындағы жауаптылықты көздейтін 490-баптың бірінші, үшінші және жетінші бөліктерінде «ескерту» институты енгізілді.

Сонымен қатар,490-баптың бірінші, екінші, үшінші және жетіншібөліктерді бұзу бойыншаәкімшілік айыппұлдардың мөлшері 50%-ға азайтылды.

 

2) Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-баптың бірінші бөлігін бұзу жеке тұлғаларға 50, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келді.

Бүгінгі таңда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының бірінші бөлігін бұзу, жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 25, заңды тұлғаларға үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұра отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

3)Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының екінші бөлігін бұзу жеке тұлғаларға 50, лауазымды адамдарға 100, заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқты.

Бүгінгі таңда,«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының екінші бөлігін бұзу, яғни заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда аталған барлық іс–әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға 25, лауазымды адамдарға 50 заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

4) Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-баптың үшінші бөлігін бұзуҚазақстан Республикасының азаматтарына 100 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқты.

Бүгінгі таңда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының үшінші бөлігін бұзу, яғни миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысынсыз діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімін таратуы –Қазақстан Республикасының азаматтарына ескерту жасауға не 50 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

5) Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының жетінші бөлігін бұзуҚазақстан Республикасының азаматтарына 50 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқты.

Бүгінгі таңда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының жетінші бөлігін бұзу, яғни уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы – Қазақстан Республикасының азматтарына ескерту жасауға немесе 50 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

 

6) Ағымдағы жылғы 10 қаңтарда«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Аталған Заңның шеңберіндедіни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастыру процедурасы жеңілдетілді.

Енгізілген өзгерістердің арқасында тұрақты үй-жайлардың орналастыруынбекіту рәсімі келісуге ауыстырылды.

Егер бұрын жергілікті атқарушы органдар тұрақты үй-жайлардың орналастыруын әкімдіктің қаулысымен бекіткен болса, қазір процессті жеделдетуге мүмкіндік беретін тек хатпен ресми жауап жеткілікті.

Дегенмен, тұрақты үй-жайларміндеттітүрде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілген Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтыңталаптарынасәйкескелуі керектігінқызмет алушылардың есіне саламыз.

Новости
Дата публикации: 28.01.2025
«Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни идеологияның таралуын алдын алу және болдырмау» тақырыбында семинар өтті
«Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни идеологияның таралуын алдын алу және болдырмау» тақырыбында семинар өтті

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары 2013 жылдан бері арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүйелі түрде атқарылып келеді. Сол жылдары еліміздің діни ахуалында келеңсіз жағдайлардың орын алуы да баршамызға мәлім. Осы жайттар тұрғындар арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатын жете түсіндіру қажеттілігін, дін атын жамылған жат ағымдардың теріс ықпалының алдын алуды күн тәртібіне қоюды талап етті.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы динамикалық өзгерістерге бейім және уақыт талаптарын ескеретін жүйе.

Аталған жайтты ескере отырып, облыс әкімдігінің дін істері басқармасы тарапынан 2024 жылдың 27 қыркүйек күні «Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни идеологияның таралуын алдын алу және болдырмау» тақырыбында мектеп және колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, білім бөлімдерінің өкілдеріне арналған облыстық оқыту семинарын өткізілді.

Мақсатты топ өкілдерінің біліктілік деңгейін көтеру мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия ғ.к., дінтанушыКеңшілік Тышхан, ҚР ҰҚК Академиясының Терроризмге қарсы дайындық орталығының аға оқытушысы, психологЛолахон Набибуллаевна Махмеджанова және Жамбыл облысы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығының басшысыРишат Еркінұлы Райф арнайы шақыртылып, өз тақырыптарында дәрстер өткізді.

Семинардың қорытындысы бойыншақатысушы азаматтарға оқуды тамамдағанын растайтын сертификаттар табыстады.

Новости
Дата публикации: 27.09.2024
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен дәріс өткізілді
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен дәріс өткізілді

2024 жылдың 13-ші ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» «Ақпараттық түсіндіру» бөлім басшысы Ж.Калдыбекова «Діни экстремизм идеологиясы тарауына қарсы жұмыстың әдістері» Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен дәріс залында «Мемлекет тарапынан діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы», «Дәстүрлі емес діндердің ықпалынан сақтану», «Дәстүрлі діни таным» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Кездесу барысында діндердің пайда болу тарихы, дәстүрлі дін және дәстүрлі емес діндерді ажырату жолдары, дін саласына қатысты заңдар барысы сөз етілді. Қоғамдағы конфессияаралық және дінаралық қатынасты сақтау, радикалдық діни идеологияны алдын-алу, діни сауаттылықты қалыптастыру және интернет желісіндегі күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу мен қоса дін ұстанушылар арасынан радикалды көз-қарасты тұлғаларды анықтау

Новости
Дата публикации: 14.02.2024
  • 1