Өңірдегі «Қоғамдық талқылау» бағдарламасына діни ахуалдың жай күйі туралы ақпарат берілді

Өңірдегі «Қоғамдық талқылау» бағдарламасына діни ахуалдың жай күйі туралы ақпарат берілді

Жамбыл телеарнасындағы «Қоғамдық талқылау» бағдарламасында Жамбыл облысындағы діни ахуалдың жай-күйі талқыланды. Бағдарлама барысында облыстағы діни ұйымдардың қызметі, тұрғындардың діни сауаттылығы және мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы сөз болды.  Сарапшылар аймақтағы діни ахуалдың тұрақты екенін, алайда жастардың радикалды көзқарастарға бой алдырмауы үшін үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, халықты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.  Бағдарлама барысында Жамбыл облысында дін аралық келісім мен тұрақтылықты сақтауда атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылып, алдағы жоспарлар талқыланды.