Білім беру саласында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы іске қосылды

Білім беру саласында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы іске қосылды

Жоба аясында мектептерде орналастырылған турникеттер арқылы тұлғаның биометриялық (FaceID) параметрлерін пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Қоғамдық көлікте қолданылатын tulparcard картасының көмегімен мектеп асханаларында да төлеуге болады.
Сонымен қатар, мобильдік қосымшасы әзірленді, бұл ата-аналарға баланың автобустан шығып, мектепке кіріп, асханада ақы төлеп, үйіне оралғаны туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Әзірленген «Ата-ана бақылауы» ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасы баланың ақпараттық деректерін біріктіреді де ақпарат баланың ата-анасына жіберіледі.
Пилоттық жоба Тараз қаласының 10 мектебінде енгізілді. «Ата-ана бақылауы» мобильдік қосымшасы әзірленіп, соңғы деректер бойынша қосымшада 6246 ата-ана және 4310 - бала тіркелген.

Қызмет бағыты