Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, (1 бірлік) (№ 6-1)

Мемлекеттік орган

Жамбыл облысының әкімдігі

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Мейірбикелік ісі
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Қосымша талаптар

тіс емдеу, мейіргер ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, жалпы медицина, терапия, жалпы дәрігерлік практика, кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы, ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы, аллергология және иммунология, соның ішінде балалар, гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы, гематология (ересектер), пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы, эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы, нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы, фтизиатрия, соның ішінде балалар фтизиатриясы, кәсіби патология, жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар аурулары, дерматовенерология, соның ішінде балалар дерматовенерологиясы, невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы, психиатрия, балалар психиатриясы, медициналық реабилитология, соның ішінде балалар медициналық реабилитологиясы, сәулелік диагностика, сәулелік терапия, функционалдық диагностика, клиникалық Зертханалық диагностика, спорттық медицина, гериатрия, клиникалық фармокология, анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар, жалпы хирургия, кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы, ангиохирургия, оның ішінде балалар ангиохирургиясы, нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы, жақ-бет хирургиясы, соның ішінде балалар хирургиясы, пластикалық хирургия, балалар хирургиясы, онкология (ересектер), травмотология-ортопедия, соның ішінде балалар травмотологиясы, урология және андрология, соның ішінде балалар, офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы, оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы, патологиялық анатомия, оның ішінде балалар анатомиясы, трансфузиология, токсикология, соның ішінде балалар токсикологиясы, педиатрия, неонатология, акушерлік және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы, медициналық генетика, стоматология, соның ішінде балалар стоматологиясы, денсаулық сақтау менеджменті, балалар онкологиясы және гематологиясы, медицина, гигиена және эпидемиология, акушерлік іс, санитария, гигиена, эпидемиология, медициналық-биологиялық іс, емдеу ісі, ортопедиялық стоматология, медициналық оптика, биомедицина, медициналық генетика, шығыс медицинасы, гигиена, санитария және эпидемиология, зертханалық диагностика, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбикелік іс, фармация, медициналық-профилактикалық іс, денсаулық сақтау менеджменті, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, педиатрия, денсаулық сақтау, денсаулық сақтау, общественное здравоохранение, сестринское дело, фармация, педиатрия, денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, санитарлық фельдшер

Функционалды міндеттер

А блогы.  Меншік нысанына қарамастан емдеу алдын-алу ұйымдардың барлық бағыттары бойынша емдеу-профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, халықтың бастапқы медициналық–санитариялық, стационарлық және жедел жәрдемге, оңалту мен сауықтыруға қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектесу; Емдеу алдын-алу ұйымдарының қызметін бақылау және үйлестіру; Емдеу алдын-алу ұйымдарының көмек көрсету бағыттары бойынша меншік түріне қарамастан облыстың БМСК, стационар ұйымдарына, кәсіпорындарында алдын алу жұмысын ұйымдастыру; Мамандандыру бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексеру және ұйымдастыру, әдістемелік жетекшілікті қамтамасыз ету, статистикалық есепке, аурушаңдық және өлім- жітім көрсеткіштеріне талдау жасау, сонымен қатар мамандандыру бойынша медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстарды енгізу; Емдеу алдын-алу ұйымдарынан есеп беру – есеп алу құжаттарына талдау жүргізу және дұрыстығын тексеру; Алқа мәжілісіне, үйлестіру кеңесіне, селекторларлық кеңестерге материалдар дайындау; Денсаулық сақтау Министрлігіне мерзімді есептерді тапсыру; Аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу, оларды ерте бастан айқындау, меншік түріне қарамастан амбулаторлық-емханалық жағдайда науқастарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру және ұйымдастыру; Конференциялар мен симпозиумдарға қатысу, консилиумдер, семинарлар мен лекциялар өткізу және қатысу; Эпидемологиялық жағдайлар бойынша ақпараттық және есептік формалар жүргізу; Ақпараттық есептер дайындау; Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмысты үйлестіру; Облыстағы демографиялық жағдайға бақылау жасау (туу-өлім жітім). Денсаулық саласындағы ғылым және техникадағы жаңа жетістіктерді (терапия, хирургия, БМСК желісінде) енгізу; Бағдарламалардың бағыты бойынша тұрғындар жағдайына мониторинг жасау, алдын алу медициналық тексерулерді ұйымдастыру; Амбулаториялық емханалалық ұйымдарының, БМСК орталықтарының есеп құжаттарының нақтылығына талдау жүргізу; Ішкі аудит және пациентті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға талдау жүргізіп, ұйымдар бөлінісінде талдау жүргізу;  Салалар бойынша штаттан тыс мамандардың жұмысын үйлестіру және қадағалау; ҚР ДСМ бекітілген жол карталарының орындалуына бақылау жүргізу; Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша мәліметтерді жинау және енгізу; Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, жандандыру, мамандарды оқытуды ұйымдастыру; Статистикалық есептерді, денсаулық сақтау министрімен бекітілген «МСАК-ты жаңғырту және басым дамыту негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы» мерзімдеріне сәйкес орындалуын, аурушаңдық және өлім көрсеткіштерін талдау, оны одан әрі жақсарту мәселелерін қарастыру; Ауылдық жерлерде тұратындарға медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жоғары ұтқырлыққа және қолжетімділікке қарай қолжетімділігін жақсарту жұмыстарын үйлестіру; Порталдар жұмысын қадағалау (Халықты тіркеу регистірі, госпитализациялау бюросы, стационарлық аурулардың электронды регистрі, жан басы нормативінің ынталандырушы компоненті, онкологиялық аурулардың электронды регистрі, ауруларды басқару бағдарламасы, қан айналым жүйесі аурулар өліміне мониторингі). «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік қызметті заңнамаға сәйкес көрсету, мерзімдерін сақтау, көрсету тәртібінің және сапасының сақталуын бақылау; Бөлімнің функцияларын жүзеге асыруға және бөлімге, бөлімнің қызметкерлеріне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс жасауға рұқсат берілген мерзімнен бастап белгіленген құпиялық режимін сақтауға жеке жауап береді; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы N776қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі Нұсқаулықтың 128, 129 тармақтарында көрсетілген мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге байланысты қойылатын шектеулер мен шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2025 – 10.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес)

Сұхбаттасу күні

15.09.2025

Сұхбаттасу орны

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125

Анықтама алу үшін байланыс

87262433630