Меню

Страницы

Статья

Сейчас читают

16 сентября 2024
Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау: 20 өңірде IT-орталықтар іске қосылуда 16.09.2024 _ 10:02 Жаңалықтар Студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту және біліктілігін арттыру мақсатында колледждер базасында өңірлік IT-орталықтар құрылып жатыр. Бұл экономиканың цифрлық трансформациясы мен IT-мамандарға сұраныстың өсуі жағдайында аса өзекті болып отыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Бүгінде Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінде «IT HUB / JYLYJAI10 IT» өңірлік IT орталығы табысты жүзеге асырылуда, мұнда «Робототехника», «Графикалық дизайн» және «3D-прототиптеу» бағыттары бойынша білім беру курстары жүргізіледі. Орталықта 3D-прототиптеу, желілік әкімшілендіру, веб-дизайн, виртуалды және кеңейтілген шындық зертханаларын қоса алғанда 10-нан астам мамандандырылған зертханалар бар. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайт құру және өндірістік прототиптер бойынша ақылы қызметтер ұсынылады. Орталықта сондай-ақ студенттерді WorldSkills және JuniorSkills чемпионаттарына дайындайды. «Өңірлік IT-орталықтар колледж студенттеріне еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи техникалық дағдыларды игеруге, сондай-ақ озық білім беру ресурстары мен бағдарламаларына қол жетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл инновациялық жобаларды дамыту, IT-компаниялармен және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық құру бағытында қосымша мүмкіндіктерге жол ашады», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова. Тағы 20 IT-орталықтың ашылуы жоспарлануда, оның ішінде Алматыдадағы IT HUB Almaty Polytechnic College өз жұмысын осы жылдың қараша айында бастайды.
Доклад
26 июня 2024
Доклад по вопросам оказания государственных услуг
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы