«Мейірім» жобасы

Жоба туралы

Облыста 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мейірім» жобасы іске асырылуда

«Мейірім» жобасының тұжырымдамасы бойынша облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар облыстағы мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардың басшыларына, бизнес өкілдеріне  бекітілген.

Аталған жоба жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй және басқа да әлеуметтік кепілдіктерді алудағы құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, «Отбасы банкі» АҚ-дағы балалардың есеп шотын толықтыру үшін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге қайырымдылық ұйымдардың, меценаттардың, қоғамның назарын аудару, бекітілген демеушілердің тарапынан балаларға өз жылулықтарын көрсету және мейірімдерін бөлу мақсатында ұйымдастырылуда.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес ай сайын «Отбасы банкінен» демеушілер тарапынан салынған қаражат бойынша мәліметтер алынып отырады. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мақсатты қадамдар әзірленген:

- Тараз қаласы мен аудан, округ әкімдері өзіне қарасты аймақта осы топтағы балалардың нақты санын білу, тыныс тіршілігімен таныс болу;

 - тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада белгіленген тәртіппен пәтер алуын қадағалау (комиссияда қаралуын, квотаға сәйкес пәтер бөлінуін қамтамасыз ету);

 - жоба аясында бекітілген демеушілер тарапынан есеп шоттарына мерзімді қаражат аударылуын, отбасы құрған жағдайда әлеуметтік қолдауды жалғастыруды, оқуын аяқтаған жағдайда жұмыспен қамтылуын қадағалау. 

Облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 мекемедегі 137 балаға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыстағы   96 мекеме мен жауапты тұлғалар бекітілген болатын. (білім басқармасына қарасты өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 53 тәрбиеленушісі, облыстық жасөспірімдер үйінің 56 тәрбиеленушісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ««Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің» 8 тәрбиеленушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының» 20 тәрбиеленушісі). Тізім бойынша «Отбасы банкінде»137 баланың барлығына арнайы есеп шоттар ашылды.

 Бүгінгі таңда облыс әкімнің тапсырмасына сәйкес бекітілген демеушілер балалармен тұрақты жүздесіп, «Отбасы банкіндегі» балалардың арнайы есеп шоттарына жүйелі түрде материалдық көмек көрсетулерімен қатар, бүлдіршіндермен кездесу барысында да сыйлықтарын табыстап, жылулық сыйлауда.

Тараз қаласы мен аудандардағы отбасылық тәрбиеде жүрген 1 194 балаға (қорғаншылық пен қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, отбасы үлгісіндегі балалар үйі, қабылдаушы отбасындағы) әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 1 012 демеушілермен жұмыстар жүргізілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «Мейірім» жобасы аясында 1 331 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 2020 жылдан 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін 25 млн. 555 мың теңге салынса, облыс әкімі Нұржан Молдиярұлының тапсырмаларының нәтижесінде 2022 жылы балалардың арнайы есеп шоттарына 27 млн.395 мың теңге салынған. Бұл қаражат көлемі жоба басталған екі жылда жиналған қаражаттан асып отыр. Бұл облыс әкімнің тапсырмаларының тиімді нәтижесі.

Қазіргі таңда жоба басталғалы балалардың есеп шоттарына 52 млн.300 мың теңге қаржы салынған.

Жиналған қаражатты бала кәмелет жасына толғаннан кейін ғана алып, өмірлік қажеттілігіне жұмсайды.

Жоба аясында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының тұрақты ауысуына байланысты, ай сайын мониторинг жүргізіліп, оларға бекітілген демеушілер  нақтыланып отырады.

«Мейірім» жобасын жандандыру мақсатында облыс әкімі тоқсан сайын кеңес өткізіп аталған балаларды қолдау бойынша тапсырмалар беруде. Аймақ басшысының жетім балаларға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде тұрақты жүйе қалыптасты.

Демеушілерге ай сайын өздеріне бекітілген балаларға көмек көрсету туралы хаттар жолдануда.

Мемлекеттің алға қойған ең маңызды міндеттерінің бірі – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Облыста осы санаттағы балаларға соңғы 6 жылда                  711 пәтер берілді. Оның ішінде 79-ы 2022 жылы берілді.

2022 жылы облыс әкімі  Нұржан Нұржігітов 1 маусым балаларды қорғау күніне орай өткізілген іс-шарада балалар үйінің 2 түлегіне  жоғарыда аталған пәтерлердің кілттерін табыстады (Иманкулова Сандугаш Габитовна, Саитханова Зокир Шарипханович).

Сонымен қатар, 1 маусым балаларды қорғау күніне орай облыстық білім басқармасына қарасты өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына, 4 түзету мектеп-интернаттарындағы тәрбиеленушілерге теледидарлар мен кондиционер тарту етті.

«Мейірім» жобасы аясында «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері үшін меценеттар тарапынан 15 млн.теңгеге «Аква Сити» моншасы соғылып, тарту етілді.

Сондай-ақ, «Мейірім» жобасы аясында жаңа жылдық құттықтаулар облыс әкімдігі, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, меценаттар мен кәсіпкерлердің және т.б. салалар тарапынан ұйымдастырылып,  1 млн. 607 мың теңге көлеміндегі жаңа жылдық сыйлықтар (тәтті сыйлық, велосипед, ұялы телефондар, смарт сағаттар, құлаққаптар кітаптар, шахмат,  коньки тебуге арналған ролик, түрлі ойыншықтар, спорттық киімдер және басқа да мезгілдік киімдер) табысталды.

Облыстық жасөспірімдер үйінің ғимаратына 113,3 млн. т. күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына мемлекет қаржысына 17 орындық авто көлігі алынды («Hyundai H350»19,0 млн.тг).

         Сондай-ақ, аталған орталықтың тәрбиеленушілері үшін «Балалар жылы Тараз қалалалық №2 сот төрағасы және Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ұжымының қолдауымен Түркістан қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Облыстық білім басқармасы, экология, Қылмыстық атқару жүйесі, полиция департаменттері мен Халықаралық Тараз инновациялық институты және т.б. демеушілер тарапынан сыйлықтар тарту етілді.

Аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің қолдауымен ерекше білімді қажет ететін, аз қамтылған көпбалалы отбасынан шыққан, балалар үшін Тараз қаласындағы этно-мәдени кешендерге, Түркістан қаласына тегін  экскурсиялар,  кино театрларына көрсетілімдер, қайырымдылық концерттері («Қарахан»,  Айша Бибі», «Тектұрмас» кесенелеріне, «Қали Жүніс моншасы», «Қазақ хандығына 550 жыл» монументіне және  «Тектұрмас») ұйымдастырылды. Аталған іс-шарамен 4500-ге жуық балалар қамтылды.