Баспасөз аңдатпасы «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

2026 жылғы 2 желтоқсаны күнісағат 10-00, 12-00, 15-00-деБЖЗҚ барша ниет білдірушілерді дәстүрлі «Ашық есік күні» жобасы аясында өтетін онлайн-кездесуге қатысуға шақырады.

Іс-шара тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол».

Кездесу барысында қатысушылар төмендегідей маңызды ақпараттармен таныса алады:

·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты енгізілген өзгерістер;

·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруқұралдары;

·инвестициялық портфельді басқарушы компанияны және инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру тәртібі;

·басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізіп, шешім қабылдау үшін салымшыларға қолжетімді ақпарат;

·зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ете алатын қорғау тетіктері;

·зейнетақы аннуитеті, кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алады

·зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатындапайдалану талаптары мен шарттары

Негізгі күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, қатысушылар БЖЗҚ мамандарынан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Белгіленген уақытта онлайн-кездесуге төмендегі сілтеме арқылы қосылуларыңызды сұраймыз:

1) 2026 жылдың 2 желтоқсаны күнісағат10-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7279fb0a0dfca6fcb6e56a6b7d3dc86a

Вебинар нөмірі: :2516 647 1123

Вебинар құпия сөзі:: 00000

2) 2026 жылдың 2 желтоқсаны күні сағат12-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m31f00820c8f5ad2c44c09df9e230d1c0

Вебинар нөмірі: :2519 842 9710

Вебинар құпия сөзі:: 00000

3) 2026 жылдың желтоқсаны күні сағат15-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=ma18e83db1fa092dd03e9e17600e92ae8

Вебинар нөмірі: :2511 883 9778

Вебинар құпия сөзі:: 00000

Жарияланған күні

25 қараша 2026 17:41

Жаңарту күні

25 қараша 2026

Түрі