2023 жылы оқулықтар мен оқу–әдістемелік кешендерін, көркем әдебиеттер сатып алуға 2,4 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде 16 млн. тасымалдауға). 1-11 сынып оқушылары оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді. Қолданыстағы оқулықтарды сандық форматтағы оқулықтарға кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 435 мектеп электронды оқулықтар web-платформасына қосылды. Сондай-ақ, 1,2 сынып оқушылары үшін 47674 дана «Цифрлық сауаттылық» электронды флеш-картасы сатып алынды. 2023 жылы 269 млн теңгеге 78 049 дана көркем әдебиет сатып алынды.