Меню
Страницы

«Жас сайлаушылар клубының» алғашқы форумы өтті

       26 қарашада 28 қараша күні Байзақ ауданы, Мырзатай ауылының Мәдениет үйінде Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» «Бүгінгі таңдау – болашақтың негізі» атты алғашқы форумы өтті. Шараның мақсаты – жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық белсенділікті көтеру.

          Форумды Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі  Амангелді Мерей Ерғалиқызы жастарды ел болашағына белсенді үлес қосуға шақырды.

        Сайлау мәдениеті туралы аудандық сайлау комиссиясы мен Жастар ресурстық орталығы өкілдері өз пікірлерімен бөлісті. Мәдени бағдарламада аудан өнерпаздары патриоттық әндер орындап, форумға ерекше көңіл-күй сыйлады.

         Шараға атсалысқан жастар Алғыс хаттармен марапатталды, ал соңында қатысушылар құпия сауалнама арқылы өз пікірлерін білдірді.

Социальные медиа
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы