Меню

Страницы

Статья

«Саналы түрде таңдаңыз» — сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастама

Байзақ ауданында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-түсіндіру жұмысының озық тәжірибелерін дамыту және тарату есебінен азаматтардың сайлау процесіне хабардар болу және тартылу деңгейін арттыру мақсатында сайлау комиссиялары арасында «Саналы түрде таңдаңыз» атты конкурстың шеңберінде бірқатар мазмұнды іс-шаралар өтті. Шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың, әсіресе жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру, саяси және құқықтық мәдениетін дамыту болып табылады.

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», сондай-ақ аудандық білім бөлімі бірлесе отырып, болашақ сайлаушылардың саяси белсенділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.  Аталған іс-шаралардың бірі болып А.С. Пушкин атындағы орта мектепте мектеп президентін сайлау өтті. 18–22 қазан аралығында үгіт-насихат кезеңі ұйымдастырылып, сайлауға 8–11 сынып оқушылары белсене қатысты. Сайлау тәртібі сақталып, байқаушылар мен сенімді өкілдер өз міндеттерін атқарды. Нәтижесінде басым дауыспен 10-сынып оқушысы Қамшыбек А. мектеп президенті болып сайланды. 2025 жылғы 22 қазанда №130 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оқушылармен «Жас және болашақ сайлаушылар» тақырыбында дөңгелек үстелдер мен пікірталастар өткізді. Онда сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төте сайлау қағидаттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, 7–8 сынып оқушылары арасында «SAILAU CUP – 2025» атты пікірсайыс турнирі ұйымдастырылып. «Сайлаудың қоғамдағы рөлі» және «Жастар және саяси белсенділік» тақырыптарында өткен тартысты дебатта үздік спикерлер марапатталды.  Сонымен қатар Бурыл, Мырзатай, Базарбай ауылдарының кітапханаларында және Ақжар ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте «Сайлау тарихы» тақырыбында көрмелер өтті. Оқушылар мен ұстаздар еліміздегі сайлау жүйесінің қалыптасу тарихы, алғашқы сайлау науқандары және азаматтық белсенділіктің маңызы туралы мағлұмат алды.
Көрмелер барысында сайлау бюллетеньдерінің үлгілері мен әдістемелік құралдар ұсынылып, әр сайлаушының азаматтық жауапкершілігі ерекше атап өтілді. 13 қазан күні Ботамойнақ және Көптерек ауылдық округтерінде «Сайлау — халық таңдауы» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Қатысушылар сайлаудың қоғам дамуындағы рөлі мен әрбір дауыстың маңызын талқылап, белсенді азамат болуға дайын екендіктерін білдірді. Аталған іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, сайлау мәдениетін қалыптастыруға, ел болашағына деген жауапкершілікті сезіндіруге бағытталды. «Саналы түрде таңдаңыз» бастамасы — қоғамның демократиялық дамуында, жастардың саяси сауатын арттыруда маңызды рөл атқаратыны анық.

 

 

 

 

                                       Байзпқ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
18 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип
Статьи

Сейчас читают

Информация
23 октября 2026
ZAU.KZ
Информация
21 октября 2026
Aulieata Media
Информация
21 октября 2026
Aulieata media

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы