Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Стратегиялық дамыту департаментінің директоры, C-1 (1 бірлік) ДСР-1
Астана қаласы
926784
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-2,
C-O-1, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Математика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Экология
- Гидрология
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Жобаны басқару
Функционалды міндеттер
Департаментке жалпы басшылық ету; Министрліктің ережесінде көзделген және Министрліктің миссиясын тікелей іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға байланысты стратегиялық және іске асыру функцияларын жүзеге асыру; Министрліктің миссиясын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді – кодекстерді, заңдарды, Министрдің нормативтік құқықтық бұйрықтарын және т. б. әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау Жүйесі шеңберінде Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын және өзге де құжаттарды әзірлеу мен бекіту бойынша үйлестіру және бақылау, сондай-ақ олардың мониторингі мен есептілікті қалыптастыру; ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған стратегиялық құжаттарына сәйкес саланы дамытудың нысаналы индикаторларын қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау. Министрліктің құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарын әзірлеу, мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі арасында жасалатын Министрлік меморандумының негізгі индикаторларына қол жеткізу бойынша есептілікті әзірлеу, орындау мониторингі және қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау; Министрліктің даму жоспарының нысаналы индикаторларының әдістемелерін (есебін) қалыптастыру және бекіту бойынша үйлестіру және бақылау; Бағыттар бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері бойынша жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұрау салуларына материалдар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Министрлік жетекшілік ететін салалардың дамуына талдау және болжам жасау және одан әрі дамытуға жағдай жасау бойынша шаралар әзірлеу. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың Жалпыұлттық жоспарын, жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мониторингін жүзеге асыру және есептілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау; Министрліктің құзыреті шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың даму бағдарламаларының көрсеткіштерін келісу процесін үйлестіру және бақылау; Министрліктің қызметіне жобалық басқару тәсілдерін енгізуді қамтамасыз ету (жобалық кеңсенің басшысы). Жобалық персонал мен бағдарламалардың мүдделі қатысушыларын Үйлестіру, консультациялық-әдіснамалық, ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қолдау, оның ішінде аджайл-форматта апта сайынғы скрам-кесте бойынша жобалар топтарының басшыларымен, акселерация топтарымен, жобалық командалардың басшыларымен және қатысушыларымен бағдарламалардың базалық бағыттарын іске асыру топтарының бірлескен жұмысын ұйымдастыру; Жобалық басқару мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін ұйымдастыру; Жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, есептер мен өзге де ақпаратты дайындау; Су ресурстары және ирригация министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі кеңестің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру, сондай-ақ азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен (министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі) өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Министрлік басшылығы үшін баяндамалар, талдамалық жазбалар дайындау; Жетекшілік ететін салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпаратты, статистикалық ақпаратты енгізу және талдау бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау; Өңірлер бойынша ақпарат енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау, оның ішінде Министрлік басшылығының өңірлерге жұмыс сапарларына материалдар дайындау; Министрлік басшылығының өңірлерге сапарларына материалдар дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, ҚР Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығын іске асыруды қамтамасыз ету. Құзыреті шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағаттарына, парламенттік тыңдауларға ақпарат енгізу бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау; Министрдің халық алдындағы есебін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру; Құзыреті шеңберінде ҚР Үкіметі отырыстарына, ҚР Президенті Әкімшілігінде, ҚР Үкіметінде және мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге материалдар дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау. Министрліктің алқаларына жиынтық ақпарат пен материалдарды дайындау мәселелері бойынша үйлестіру және бақылау (жұмыс жоспары, хаттамалар, баяндамалар және т. б.); Апта сайынғы аппараттық кеңестерді өткізу бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау, сондай-ақ материалдарды дайындау және хаттамалардың орындалуын жинақтау; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен ақпараттар жинақтау бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау; Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; Басқарманың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Департамент құзыреті шегінде ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің, Министрдің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды ұйымдастыру және бақылау. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де міндеттерді орындау. Директорға жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындау; Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және орындаушылық тәртіпті сақтау; Заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын сапалы және белгіленген мерзімдерде орындау, оның ішінде Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және т. б. заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындау; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді сақтау. Құпиялылық режимін қамтамасыз ету және Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау. БИТРИКС ақпараттық жүйесінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларын іске асырудың негізгі бағыттары жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу, есептілігін қалыптастыру. 2024-2028 жыдарға арналған Қазақстан Республикасының су саласын дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылуын БИТРИКС ақпараттық жүйесінде мониторингтеу және есептілігін қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Министрлікке бекітілген негізгі каписталға салынатын инвестициялар, тұрақты даму мақсаттары мен міндеттерге қол жеткізудің тиімділігін арттыру бағытында құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және мониторигнтеу. Блок А, Грейд 11
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.murynbaevana@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16В кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
871-72-74-75-89