Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Шу-Талас бассейндік су инспекциясының басшысы - Шу-Талас су шаруашылығы бассейнінің бас мемлекеттік инспекторы, C-O-1 (1 бірлік) Р-11

Мемлекеттік орган

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Қоршаған орта
  • Су шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құрылыс
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат

Функционалды міндеттер

Инспекция жұмысының жоспарын бекітеді, Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Бассейндік қағидат негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқаруды жүзеге асырады. Су қатынастары субъектілерінің су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіруді оң экономикалық тиімділікке, ақылға қонымды, әділ және экологиялық орнықты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында жүзеге асырады. Тиісті бассейн шегінде су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бассейндер бойынша су объектілерінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады. Судың жай-күйіне әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады. Су пайдаланушылар бөлінісінде және тиісті бассейн бойынша су пайдалану лимиттерін айқындайды. Тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады. Су қорын ұтымды пайдалану және қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, судың жай-күйі мен сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету бойынша бақылау жүргізеді. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Су қорын ұтымды пайдалану және қорғау ісінде халықты ағарту және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суларды есепке алу аспаптарын пломбалау және тіркеу бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Салық органына ұсынылғанға дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін растау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, қызметін тоқтату, және рұқсатты қайтару бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бассейндік кеңестің жұмысын, бассейн аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен консультациялар өткізуді, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауды, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізуді ұйымдастырады. Облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу және су бөлу жоспарларын әзірлейді және олардың сақталуын бақылайды. Су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды және жедел ден қою шараларын жүзеге асырады. Ортақ пайдаланудағы су қоймаларының, салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдалану кезінде белгіленген су сервитуттарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларының, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Суды тұтыну және сарқынды суларды бұру лимиттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Су тарту құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерін және су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерiнiң бастапқы есебiн жүргiзудiң дұрыстығына, судың сапасын, судың болуын, есепке алу үшiн құралдармен мен жабдықтарды пайдалануға жарамды жай-күйiн және тұтынуды мемлекеттiк аттестациялау мерзiмдерiне сәйкестiгiне және  су пайдаланушылардың суды пайдалану және ағызудың белгіленген есеп беру мерзімдерін сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Белгіленген нормалар мен  су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ережелерді бұза отырып жүзеге асырылатын су шаруашылығы және басқа да объектілердің судың жай-күйіне әсер ететін қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу фактілері туралы материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа жібереді; Республиканың су заңнамасын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа талаптар беруді жүзеге асырады; Су объектiлерiн бөлек немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыруға қатысады; Мыналарды:

тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын;

тиiстi бассейндiң суларын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн;

су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын;

су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды;

су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын.

судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды;

су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру және олардағы суды пайдалану жағдайлары жөнiндегi ұсыныстарды келіседі.

Су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалық құжаттаманы келіседі. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылымдарында бұқаралық демалыс, туризм және спорт орындарын құруды үйлестiредi. Инспекцияның мемлекеттік қызметшілерінің сандық және сапалық құрамын жақсарту, біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет пен Министрліктің бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асырады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Инспекцияның мүддесін білдіреді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау барысын бақылауды жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермейді. Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кеседі. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қызметтік құжаттардың сақталуын ұйымдастырады және бақылайды, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдаланады және құжаттардың мұрағатқа тапсырылуын бақылайды. Өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Мемлекеттік құпияларды құрайтын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамада көзделген өзге де талаптардың жұмысы бойынша өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің сақталуына дербес жауапты болады. Ішкі еңбек тәртібінің, орындаушылық тәртіптің, нормалардың сақталуына мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ заңнамада белгіленген өзге де шектеулерді қамтамасыз етеді. Құпиялылық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді орындайды. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және қарауға қатысады. Жеке және заңды тұлғалар жүргізетін, су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келіседі. Қазақстан Республикасының су заңнамасында және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен арнаулы су пайдалануға рұқсатты беруді, ұзартуды, қайта ресімдеуді, тоқтата тұруды және оның қолданылуын тоқтатуды жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жүктелген су қорын қорғау және пайдалану саласындағы функцияларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары шегінде, сондай-ақ тікелей су объектілерінде шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуын, оның ішінде:

су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде судың жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды бассейндік су инспекциясымен келісудің болуын;

су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісудің болуын;

мынадай:

су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылысжайларды және судың жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді салуға, реконструкциялауға арналған бассейндік су инспекциясымен келісілген жобалау құжаттамасы;

су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын бассейндік су инспекциясымен келісу шарттарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісуді жүзеге асырады. Бассейндік кеңестердің қызметін ұйымдастырады, бассейндік кеңестердің өткізілген отырыстары және олардың ұсынымдары туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырады. Жерүсті су ағынын реттеу кезінде гидротехникалық құрылысжайлар жұмысының су режимін бекітеді. Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркейді. Шағымдалатын мәселелер шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымдарды қарайды. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің жобаларын талқылау бойынша жария тыңдауларды, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар алдындағы жыл сайынғы есептерін тыңдауды ұйымдастыруға қатысады. Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұтынушылармен, табиғи монополиялар субъектілерімен, жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен кеңестер мен кездесулер ұйымдастыруға қатысады. Министрлік қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге. Қазақстан Республикасының су шаруашылығы саласындағы заңнамасын мемлекеттік органдардың қолдану практикасын қорытуға қатысуға. Қазақстан Республикасының су шаруашылығы саласындағы заңнамасын насихаттауға және түсіндіруге. Құқықтық актілердің, шарттардың, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау іс-шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Министрліктің және Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне жарты жылда кемінде бір рет талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағымдану жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхатпен заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына жүгінуге. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге. Су қорының қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында жедел ден қоюды қамтамасыз ету, оның ішінде тексерулер жүргізу, міндетті орындалуға жататын тапсырмалар беру, сондай-ақ су заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу. Блок А, Грейд 9

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2026 – 17.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16В кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

871-72-74-75-89