Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Стратегиялық дамыту департаментінің Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 6 қарашаға дейін)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Математика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Экология
  • Гидрология
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Министрліктің стратегиялық шешімдерін әзірлеуге, Министрліктің мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Министрліктің миссиясынан, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын Министрліктің стратегиялық функцияларын жүзеге
асыру; Министрліктің миссиясын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді – кодекстерді, заңдарды, Министрдің нормативтік құқықтық бұйрықтарын әзірлеуді және қабылдауды іске асыруға қатысу; Министрліктің Операциялық жоспарын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберіндегі өзге де құжаттарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізу, әр тоқсанда есептілікті қалыптастыру; Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған стратегиялық құжаттарына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, комитеттермен, Министрлікке бағынысты ведомстволық ұйымдармен бірлесіп, Министрліктің Даму жоспарының нысаналы индикаторларына іс-шаралар жобасын қалыптастыру; Министрліктің Даму жоспарының нысаналы индикаторларының әдістемесін (есебін) қалыптастыру және бекіту; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерінің аумақтардың Даму жоспарын және басқа да жоспарлық құжаттарын келісу бойынша
жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерімен бірлесіп, ведомсволық және әкімшілік статистикалық есеп нысадарына жыл сайын талдау жасау, сондай-ақ статистикалық мәселелер бойынша уәкілетті органмен өзара әрекеттесу; Департамент құзыреті шегінде Министрліктің бағдарламалық құжаттары, оның ішінде Министрліктің Даму жоспары және Операциялық жоспарлары шеңберінде оңтайландыру және
жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу, сондай-ақ осы жұмыстарға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін тарту; Жобалық басқаруға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын енгізу процесінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара байланыс жасау; Министрліктің құрылымдықбөлімшелері мен комитеттермен бірлесіп, Министрліктің құзыреті шеңберінде Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму
бағдарламаларын келісу процесіне қатысу және үйлестіру; Басқарманың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелері бойынша жетекшілік ететін саладағы құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, есептерді және өзге ақпараттарды дайындау; Қазақстан Республикасы
Президентінің, Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын сапалыжәне белгіленген мерзімде орындау, оның ішінде Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және т. б. заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындау; Өзіне жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындау; Ішкі еңбек тәртібі және орындаушылық тәртіп
ережелерін сақтау; Заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздік міндеттерін орындау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді сақтау; Құпиялық режимді қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттерді орындау. Блок А, Грейд 5

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2026 – 22.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

город Астана, проспект Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 16В подъезд (при необходимости может быть проведено посредством дистанционных средств видеосвязи (ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

871-72-74-75-89