Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекеттік жүйелердің қорғанысы мен тұрақтылығы департаментінің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) УПЗГС-1

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Инженерлік жүйелер және желілер

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын ұйымдастыру, жалпы басшылық ету және жоспарлау; министрлікте және оның құрылымдық бөлімшелерінде құпия жұмыстардың барлық түрлерінің құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу туралы шарттар жасасу; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік актілер талаптарының орындалуын бақылау; тұрақты жұмыс істейтін техникалық комиссияның жұмысына қатысу; құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесін әзірлеуге қатысу; құпиялық режимін бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.; рұқсат беру бойынша талаптардың орындалуын ресімдеу және бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. (Блок А, грейд 7).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.05.2026 – 13.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).

Анықтама алу үшін байланыс

871-72- 74-75-89