Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Цифрландыру департаменті директордың орынбасары, C-2 (1 бірлік) ДЦ-2
Астана қаласы
641000
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Функционалды міндеттер
Департамент қызметіне жалпы басшылық; Департамент қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеу және қарау. Министрлік қызметі шеңберінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер саласындағы стратегиялық құжаттарды, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Министрліктің цифрлық трансформация Кеңсесінің қызметін үйлестіру; Мемлекеттік аппаратты бюрократияландыру шеңберінде есептілікті автоматтандыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Цифрлық трансформация қағидаттарын енгізу. Шығыстары Министрліктің ақпараттық жүйелерін қолдаумен және пайдаланумен байланысты министрліктің бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің қабылдануын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу процесіне қатысу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және талдау, Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытудың цифрлық технологиялары мен жобаларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Министрлік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу. Департамент құзыреті шегінде үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға қатысу; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі аппаратының, Министрлік басшылығының тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Департаментінің құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау. Блок А, Грейд 9
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.murynbaevana@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).
-
871-72-74-75-89