Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Тарифтік саясат реттеу департаменті табиғи монополия саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, (1 бірлік), №УКВСЕМ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Су шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Халықаралық қатынастар
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Құрылыс
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Қаржы
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Жаратылыстану ғылымдары: гидрология
  • Гидрогеология және инженерлік геология

Функционалды міндеттер

Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында: Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын орындау. Министрлік пен Департамент басшыларының тапсырамсын орындау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, қарауды және келісуді ұйымдастыру. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Табиғи монополия заңнамаларының талаптарына сәйкес: Табиғи монополия субъектілері атына ұйғарымдар мен табиғи монополия заңнамаларына сәйкес құқықбұзушылықтар анықталған фактілері бойынша сот органдарына талап-арыз дайындайды; Департамент құзыретіне қатысты келісуге келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер жобасын қарастыруға қатысу; Заңнаманың сақталуын бақылау, әкімшілік тәжірибе және сот ісін жүргізу мәселелері бойынша табиғи монополиялар туралы заңнаманы қолдану тәжірибесін жалпылау; Өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер бастау; Қозғалған әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша  табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты әкімшілік істерді қарауға тиісті материалдарды дайындау; Табиғи монополиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; сот органдары алдында Министрлік мүдделерін қорғау мақсатында Табиғи монополия заңнамаларына, басқа да материалдар мен құжаттарға  сәйкес анықталған құқықбұзушылықтар фактілеріне талап-арыз дайындау; табиғи монополия заңнамаларын сақтау бойынша сот істерінде Министрлік атынан қатысу; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының табиғи монополия заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Табиғи монополия заңнамасын бұзуға байланысты қылмыстық белгілері бойынша қылмыстық істерді қозғау туралы мәселені шешуге арналған материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына жіберу; Тиісті мемлекеттік органдарға табиғи монополия заңнамаларына қарсы келетін актілердің күшін жоюына немесе өзгеруіне байланысты  ұсыныс жасау; Басшылықтың келісімімен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізуге тарту; табиғи монополия заңнамаларына белгіленген тәртіппен түсіндірме жасау; табиғи монополиялар субъектілерінің тарифті бекіту кезінде ескерілген тауарларды сатып алуды жүргізуіне бақылауды жүзеге асыру; Әкімшілік рәсімдік-процестік және кәсіпкерлік кодекстерге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (өтініш, шағым, сұрау салу, ұсыныс, үн қосу және хабарлама) қарауға қатысады; өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мемлекеттік реттеуге қатысады; тұтынушыларды қабылдайтын табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп айына кемінде бір рет жиналыстар өткізуді ұйымдастыруға қатысу; өз құзыреті шегінде республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі; өз құзыреті шегінде республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі; өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті сенімгерлік басқару және (немесе) мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға келіседі; өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі; өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органдарға немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға келіседі. Тапсырмалардың, кіріс хат-хабарлардың, жеке және заңды тұлғалардың өтінішін уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша міндеттерді орындау және шешімдер қабылдау; Реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы Министрлікке келіп түсетін азаматтардың өтініштері бойынша қабылданған шешімдер мен мәселелердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету; Министрлік, Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды. (Блок А, грейд 6)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.08.2025 – 29.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-12-50