Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті гидротехникалық имараттар басқармасының басшысы, C-3 санаты, № УГС-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Су шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құрылыс
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Жаратылыстану ғылымдары: гидрология
  • Гидрогеология және инженерлік геология

Функционалды міндеттер

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу. Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дұрыс ақпаратқа ие бола отырып, мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға тиіс. Өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеуге тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдау қажет. Мемлекетке экономикалық залалдың алдын алу бойынша барлық мүмкіндіктерді пайдалану, жеке және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін тексерулерге бастамашылық жасауға жол бермеу.жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау. Мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша шаралар қабылдау. Басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және басқару, олардың арасындағы міндеттерді бөлу. Басқарма мамандарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асыру. Департаменттің Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында:

- Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын орындау. Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, қарауды және келісуді ұйымдастыру. Тапсырмалардың, кіріс хат-хабарлардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Персоналды басқару және басқарма қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша міндеттерді орындау және шешімдер қабылдау. Гидротехникалық құрылыстарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Гидротехникалық құрылыстарды дамыту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруге қатысу. ГТҚ дамыту саласында дамуды стратегиялық жоспарлау бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстанда су саясаты бойынша ұлттық диалог бойынша отырыстар өткізуді ұйымдастыруға қатысу. Өз құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімдер жобаларына ұсыныс енгізу жөніндегі басқарманың жұмысын үйлестіреді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау. Құпиялылық режимін қамтамасыз ету және Мемлекеттік құпиялар саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді орындау. Шетелге рұқсатсыз кеткені үшін дербес жауапты болады. "Е-өтіш" ақпараттық жүйесі арқылы министрлікке келіп түсетін азаматтардың өтініштері бойынша қабылданған шешімдер мен мәселелердің сипатын дұрыс толтырғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету. Министрлік, Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау. Республикалық бюджеттің 254 «Су ресурстарын тиімді басқару» бағдарламасы 115 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жерүсті су ресурстарын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері» және 120 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жерүсті су ресурстарын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері» кіші бағдарламалары негізінде жерілікті атқарушы органдардан бюджеттік өтінімдерді қабылау. (Блок А, грейд 9).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.08.2025 – 29.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-12-50