Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Цифрландыру департаментінің Цифрлық технологиялар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) УЦТ-3

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу. Министрлік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты нормативтік құқықтық актілердің қабылдануын қамтамасыз ету. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу. Тексерілетін субъектілерге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсынымдар енгізу. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау. Депутаттық сауалдарға жауаптарды, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Министрлік департаменті басшылығының тапсырмаларын, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың хаттарын қарау және дайындау. Су ресурстары ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеуге, дамытуға, сүйемелдеуге, оның үздіксіз жұмысын ұйымдастыруға жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру және оны ақпараттандырудың басқа да объектілерімен интеграциялау. Су тасқынын болжау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін әзірлеуге, дамытуға, сүйемелдеуге және ұйымдастыруға, сондай-ақ оны ақпараттандырудың өзге де объектілерімен интеграциялауға жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. Цифрландыру және цифрлық жобаларды жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету және бақылауды ұйымдастыру. Космомониторинг жүйесін әзірлеуге, одан әрі жетілдіруге, қолдауға және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдардың өзара өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету және оны ақпараттандырудың басқа объектілерімен интеграциялау. Цифрландыру және цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жоспарлау және үйлестіру. Министрліктің ақпараттық жүйелері мен техникалық құралдарын жүйелі-техникалық қызмет көрсету жұмыстарын, соның ішінде оларды қолдау, жаңарту және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру. Грейд 6, Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.07.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.07.2025 – 04.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Место проведения конкурса: город Астана, проспект Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 16В подъезд (при необходимости может быть проведено посредством дистанционных средств видеосвязи (ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

871-72-74-75-89