Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), УБПИБУ-1
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Қаржы және кредит
Функционалды міндеттер
Басқармаға жалпы басшылық ету; басқарма қызметкерлерінің басшылық тапсырмаларын тиімді орындауын қамтамасыз ету; су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану саласындағы Комитеттің активтерін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру; су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүргізу; құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің бюджеттік саясатын қалыптастыру; құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеуді және іссапар шығыстарына, жалақы төлеуге, негізгі құралдарға, жеткізушілер мен мердігерлердің есеп айырысуларына қатысты жасалатын операциялардың заңдылығын, сондай-ақ олардың карт-шоттарға аударылуын бақылауды жүзеге асырады, Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне арналған іссапар шығыстары бойынша бюджеттік өтінім жасайды; су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану саласындағы арнайы автокөліктің нормалары бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету; бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің келісімі бойынша Комитет қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп бойынша жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеу және бекіту; Комитеттің бюджетін қаржыландыруды және атқаруды ұйымдастыру, оның ішінде:- бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырудың жиынтық және жеке жоспарларының жасалуын және оларға өзгерістердің енгізілуін бақылау;- қаржылық есептілікті қалыптастыру, орталықтандырылған бухгалтерлік есепті жүргізу және т.б.; қаржылық-бюджеттік тәртіпті қатаң сақтауға және тағайындауға сәйкес қаржыландыру жоспарын орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуге бақылауды жүзеге асыру; Электрондық үкімет порталындағы жұмыстарды үйлестіру: ашық бюджет шеңберінде бюджеттік бағдарламалар, инвестициялық бюджеттік жобалар бойынша деректерді толтыру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Комитет басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша депутаттық сауалдарды, ұйымдардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; өз құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарын және ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарын іске асыруды қамтамасыз ету, әзірлеуге, мониторинг жүргізуге қатысу, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, құзыреті шегінде нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; басқарманың барлық қызметкерлерінің атқаратын лауазымына сәйкес жүктеменің біркелкі болуын қамтамасыз ету; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрлік және Комитет басшылығының шешімі бойынша өзге де функцияларды орындайды; қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрлік және Комитет басшылығының шешімі бойынша өзге де функцияларды орындау; ОДО, БЭҚАЖ «Lotus Notes» және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс. (Блок В, грейд 8)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.esimova@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-08-98