Қазақстанда жерасты су қорларын анықтау үшін кешенді барлау жүргізіледі
Су ресурстары және ирригация министрлігі жерасты су қорларын анықтау үшін кешенді барлау жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы 24KZ телеарнасының эфирінде елімізде құрылған гидрогеологиялық орталықтың жұмысы туралы айтып берді.