2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Су шаруашылығы министрлігі) конкурстық құжаттамаға сәйкес «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану» басым бағыты бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын (қолданбалы ғылыми зерттеулер) жүргізуге конкурс өткізу туралы хабарлайды.

"ҰМҒТСО" АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі Call center (is.ncste.kz) өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін: 8-727-355-50-02 (ішкі. 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9: 00 - 18: 00, түскі ас 13:00 – 14:00.

Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын Су шаруашылығы министрлігіндегі жауапты тұлға: Жиенбаев Мүсілім Рысмаханұлы, телефон 8 (7172) 74-11-39, электрондық мекен-жайы: kense-kvr@ecogeo.gov.kz.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, 9: 00 – 18:30, түскі ас 13:00-14:30.

Конкурстық өтінімдер ғылыми басшының және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған Су шаруашылығы министрлігіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша: is.ncste.kz беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы - 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 19 қаңтар (қоса алғанда).

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама

 

Басталу уақыты

19 желтоқсан 2023

Соңғы күні

19 қаңтар 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру