Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қалыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды.
Бұл туралы толығырақ «24 KZ» телеарнасының эфирінде Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев айтып берді.