Солтүстік Аралды сақтау жобаның бірінші кезеңінің нәтижесінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 42%-ға артты, теңіз суының тұздылығы шамамен 4 есеге төмендеді, жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ теңіздің құрғаған табанының 870 шаршы шақырымы суға толып, жел арқылы тұздардың таралуы азайды.
Бұл жайлы толығырақ «24 KZ»телеарнасының эфирінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков айтып берді.