Су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді
Жаңа Су кодексіне су ресурстарын басқару органдарына су үнемдеу жоспарлары орындалмаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін бақылау функциялары енгізілді. Су нарығындағы көлеңкелі әрекеттермен күресу үшін өз бетінше суды пайдалануға жол бермеу және су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салу талаптарын сақтау бойынша бақылау күшейтілді.