Елімізде су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар су қоймасының құрылысы басталды. Бұл нысандар көктемгі тасқын суларды босқа рәсуа етпей, жинақтап, қажетке жаратуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Түркістан облысында Бәйдібек ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылысы жүріп жатыр. Биыл тағы төрт су қоймасының құрылысы қолға алынбақ. Сонымен қатар су қоймаларын қайта қалпына келтіру жұмыстары да қарастырылған.
Бұл туралы 24KZ телеарнасының эфирінде Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз айтты.