Су тасқынының шарықтау шегі барлық аймақта өтті. Қазіргі кезде су тасқыны кезеңі Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында аяқталды. Дегенмен Ақмола облысы және Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезеңі жалғасып жатыр. Су қоймасының негізгі мақсаты – су тасқыны кезеңіндегі суды өзіне жинақтап, елді мекендерге суды қауіпсіз жіберілуін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде республика бойынша орта есеппен 90%-ға дейін толтырылды. Кейбір аймақтарды су қоймалары 100%-ға толды.
Жалпы көктемгі су тасқынының алдын алу үшін оған дайындық 2024 жылы күзде басталды. Мысалы, каналдарды тазарту жұмысы, су қоймаларын жөндеу, жаңа су қоймасын салу.
Бұл туралы Jibek joly телеарнасының эфирінде Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының бас сарапшысы Ғалымжан Қамбарбеков айтты.