Жаңа Су кодексінде су үнемдеудің нақты тетіктері белгіленген. Су пайдаланушыларға қойылатын басты талап – суды тиімді пайдалану және шығынды мейлінше азайту. Су үнемдеу технологияларын кезең-кезеңімен енгізу жоспары болған жағдайда ғана су пайдалануға рұқсат беріледі.
Ауыл шаруашылығы саласында су үнемдейтін технологияларды орнатқан шаруаларға субсидия қарастырылған. Сонымен қатар заң жобасында суға байланысты ең төменгі тарифтер де айқындалған.
Су ресурстары және ирригация министрлігі өз өкілеттігі аясында пайдалануға ұсынылатын заманауи, тиімді технологиялардың тізімін бекітеді.
Бұл туралы 24KZ телеарнасының эфирінде СРИМ Су саясаты департаментінің бас сарапшысы Эльвира Сариева айтты.