Жаңа кодексте алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Ол азаматтар мен ел экономикасын су тапшылығынан, ал су объектілерін ластанудан қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансшекаралық су нысандарын қорғау және пайдалану бағытындағы мүддесін қорғауды қамтиды.
Бұл жайлы толығырақ «24 KZ» телеарнасының эфирінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев айтып берді.