Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 млрд текше метр су алады. «Достық» мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ұлттық арнаның «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді.