Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеді. Сондай-ақ, су өткізу қабілетін жақсарту үшін 239 шақырым өзен арнасы тазартылды.
Бұл жайлы толығырақ «Qazaqstan» телеарнасының «Ашық Алаң» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің басқарма басшысы Сәкен Әтел айтып берді.