Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін 42 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 37 су қоймасы мен 14 450 шақырым суару каналын реконструкциялауға ниетті. Осы арқылы тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 35%-ға дейін төмендетуге, суару алаңдарының жалпы көлемін 1 млн га дейін ұлғайтып 2 млрд текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл жайлы толығырақ «Atameken business» телеарнасының «Basty taqyryp» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Гидротехникалық имараттары басқармасының бас сарапшысы Сергей Добрынин айтып берді.