Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Солтүстік Аралдың сақталуына және судың тұздылығын төмендетуге ықпал етеді.
Бұл жайлы толығырақ «24 KZ» телеарнасының «Күн тәртібі» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков айтып берді.