Бүгінгі таңда «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Сондай-ақ «Тәуір» қорғаныс бөгетін салу, Қарашаланкөлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскедегі бөгеттер мен «Қарашалан-1» каналын және оның бас құрылысын реконструкциялау жұмысы аяқталды.
Бұл туралы толығырақ «24 KZ» телеарнасының эфирінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков айтып берді.