2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.
2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Бұл жайлы толығырақ «Qazaqstan» телеарнасының «Ақпара» бағдарламасында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров айтып берді.