Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде
- Теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды
- Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық немесе литріне 8,89 граммға дейін азайды
- Балықтың 15 шақты түрі қайта оралды және бекіре тұқымдас балықтарды өсіру үшін қолайлы жағдай жасалды
- Сырдария өзенінің су өткізу қабілеті секундына 700 м3-ге дейін ұлғайды
- Арал теңізінің солтүстік бөлігі географиялық және климат түзуші объект ретінде сақталды
Бұл жайлы толығырақ «24 KZ» телеарнасының «Арнайы жоба» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау, және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов айтып берді.