Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды.
Бұл жайлы толығырақ «QAZAQSTAN» телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Гидротехникалық имараттар басқармасының басшысы Жәнібек Қайшыбекұлы айтып берді.