Қазақстанда су үнемдеуге мүмкіндік беретін мажарлық препаратты сынақтан өткізудің алғашқы кезені аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасы бойынша сынаққа 4 ғылыми-зерттеу институты қатысты.
Ғалымдар препаратты қолдана отырып күріш алаңында 37%-ға дейін су үнемдеуге болатынын мәлімдеді. Себебі, дәстүрлі әдіс бойынша күріш 90 күн бойы суарылады. Ал, ылғал сақтайтын препаратты пайдаланған кезде 51 күн суару жеткілікті. Қант қызылшасы алаңында 23,9%, жүгеріде 28,7%-ға дейін су үнемделген. Бұдан бөлек, сарапшылар өнімділік те артқанын айтады.
Бұл туралы толығырақ «Atameken business» телеарнасының эфирінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Инновациялық саясат басқарма басшысы Еділ Абраимов айтып берді.