Батиметриялық түсірілім — су объектілерінің тереңдігін зерттеу және өлшеу, су астындағы рельефті картаға түсіру. Теңіз, көл және өзендердің түбінің пішіні мен ерекшеліктерін көрсететін карталар жасауға мүмкіндік береді және тереңдік деректерін жинау мен талдауды қамтиды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда су тасқынын болжау және модельдеу үшін «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр.
Бұл жайлы толығырақ «QAZAQSTAN» телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел айтып берді.