2024-2030 жылдарға арналған бағдарламаларға сәйкес су ресурстарын тиімді пайдалануға, су үнемдеу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін қарқынды енгізуге басымдық беріледі.
Бұдан бөлек, Су тасқынының алдын алу және одан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылып отыр. Су тасқынын болжау мен модельдеуді жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар күшейтіледі.
Бұл туралы толығырақ «24 KZ» телеарнасының эфирінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы айтып берді.